Жаңалықтар

«Кетті, лақты, ол тыңдамай неге?»: Саят Медеуов орындаған ән көптің көңілінен шықты (ВИДЕО)

ашық дереккөз

Әннің түпнұсқасынан Cover нұсқасы асып түсті.

Cover Show бағдарламасында заманауи әннің сөзін өзгертіп орындаған Саят Медеуов көпшіліктің алғысына бөленді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

QANAY есімді жас әншінің орындауындағы «Ол қыз» әні бұған дейін қатты сыналды. Көпшілік әннің сөзіне шүйлікті.

Бұл туралы С.Медеуов: «Қаншық» деген сөздер бар. Айта берсең, көп. Оны тәрбиелеудің еш қиындығы жоқ деп ойлаймын. Бізде фонограммамен күресу керек дейді. Фонограммамен емес, жаман әнмен күресу керек. Жаман әнмен күреспесек, біз оңалмаймыз. Себебі халықтың құлағына оттаған, болмайтын дүниелерді құйып жатырмыз. Мемлекеттік тұрғыдан жаман әндер айтуға заңмен тыйым салу керек. Қазір әншілер халыққа танымал болудың әлегімен жүр», – деді.

Есті әндердің орындаушысы ретінде танылған С.Медеуов Cover Show-да білгенінен жаңылған жоқ. Ол қайырмадағы «Кетті, лақты, ол тыңдамай неге?» деген сөзді ғана қалдырып, әнді басқа мәтінмен орындап шықты.

Әннің түпнұсқасынан Cover нұсқасы асып түсті. Желіде осы үшін халық С.Медеуовке алғыс білдіріп, ыстық ықыластарын жеткізді.

Көпшілік «Әлемнің ең сұлуы қаракөз қарындасым,

Қауырсын қанатыңа қара дақ жағылмасын.

Айғаным, Ұлпан, Зере, Ұлжандай аналардың,

Жалғасы қазақ қызы, білемін жаңылмасын», – деген сөздерге сүйсінді.