Қоғам

Димаш Құдайбергеннің анасы жас келіндерге кеңес берді

ашық дереккөз

Жаңа түскен келіндер аналарына көп шағымданады.

«Жақсы адамдарым» бағдарламасында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Cветлана Айтбаева жас келіндерге кеңес беріп, ақыл айтты, деп хабарлайды Turkystan.kz

«Біздің қатарластарымызда ренжісу, екі жаққа кетіп қалу, ажырасу, төркініне қайтып кету деген сияқты жайттар болмаған екен. Менің ойымша қазіргі жас келіндерге қажет дүние, «бас сынса, бөрік ішінде» дейді ғой. Отбасындағы ошақ басындағы әңгімені сырт жаққа тасымау керек. Ер азаматын ағайын-туысына, төркініне, қайын жұртына жамандап айтпау керек. Сол кезде ғана отбасында береке, тыныштық, керемет бірлік болады деп санаймын, – деді С.  Айтбаева.

Оның айтуынша, қазір жаңа түскен келіндер аналарына жиі хабарласады және көп шағымданады.

«Өкінішке қарай, мұндай жайттар көп кездеседі. Осыдан қашық болу керек. Бір оттың басына келген соң, сол кішігірім отанның бірлігін сақтау үшін түк білдірмей, жаманын жасырып, жақсысын асырып, бір түтінді түзу түтетіп отыру керек деп ойлаймын, – деді Д. Құдайбергеннің анасы.