Қоғам

Ұлықпан Жолдасов Ғаділбек Жаңай жайлы қызық оқиғасын бөлісті

nur.kz

Ұлықпан Жолдасов Ғаділбек Жаңай өнерге келуіне үлкен үлес қосқан.

Әнші, сазгер Ұлықпан Жолдасов Ғаділбек Жаңайдың өнерге алғаш қадам басқан кезін есіне алып, ел білмейтін қызықты оқиғасын бөлісті.

Ұлықпан Жолдасов Ғаділбек Жаңай өнерге келуіне үлкен үлес қосқан. Ол тіпті алғашқы табысын Ұлықпан Жолдасовқа берген. Өнер иесі бұл туралы «Дастархан» бағдарламасында берген сұхбатында айтты.

«Өнердегі қыз-жігіттің қазақ эстрадасына қосылуына мұрындық болғаным рас. Олар әлі күнге дейін менің атымды айтып жүреді. Ғаділбекті көріп отырып, қызық оқиға есіме түсіп отыр. Алғаш сахнаға шыққан кезі, халық жылы қабылдап, тойларға шығып жүрген еді. Бір күні бір қалта ақша әкеліп тұр. Ішінде 30 мың теңге бар. «Алғашқы табысымды сізге берейін» деді. «Өзің ала бер, ертең-ақ таусылып қалады» дедім. Айтқанымдай, ештеңеге жетпей қалды. Екі кесе шай ғана іштік"» – деп өткен күнді күліп еске алды.