Жаңалықтар

Астанаға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді

gov.kz

Ильхам Әлиевті елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.

Астанаға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді. Бұл туралы turkystan.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ол 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Ильхам Әлиевті елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.

Саммитке Әзербайжан президентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады