Қоғам

«Балжанды 3 ай көндіруге тырыстым»: Жахан Отарғалиев отбасы жайлы ашып айтты

ашық дереккөз

Ол қолымнан келгенін жасадым дейді.

Актер, продюсер Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

 «Әлеуметтік желіде көп уақыт болмадым. Себебі, бір айдың ішінде екі ота жасаттым. Қазір денсаулығым өте жақсы.

Мен осы күнге дейін отбасым жайлы әңгіме қозғамады. Себебі, отбасым ол жеке өмірім болған соң, айтқым келмеді. Бірақ көп адамнан «Балжанды қайтарып ал», «отбасыңды сақта» деген сияқты әртүрлі хат келіп жатыр. Соларға жауап бергім келеді.

Ажырасу – менің ең жек көретін нәрсем. Мен отбасымды жай ғана жібере салатын ақымақ емеспін. Бұған дейін не істесем де отбасым үшін жасадым.

Балжанды бір емес, екі емес 3 ай көндіруге тырыстым. Оған «ойлан, күтейін» деп айттым. Сөйтіп жүргенде біраз уақыт өтіп кетті. Кейін ауырып қалдым.

Қолымнан келгенін жасадым. Сөйлесіп жүрдік, бірақ нәтиже болмады. Ал сіздерге айтарым отбасыларыңызды сақтаңыздар, себебі бұл өмірде отбасыдан артық ештене жоқ. Бір-біріміз туралы жақсы ойда болайық,  жаман ойлауға, жамандауға асықпайық. » – дейді ол.