Қоғам

Асхат Тарғын ата-анасына қымбат сыйлық сыйлады (ВИДЕО)

Instagram/ askhat_targin

Өнер иесі бауырларымен бірігіп, ата-анасына көлік мінгізді.

Әнші Асхат Тарғынның жанұясы анасының 70 жас мерейтойы мен ата-анасының отау құрғанына 50 жыл толуына орай той жасады. Өнер иесі бауырларымен бірігіп, ата-анасына көлік мінгізді.

 Бұл туралы Асхат Тарғын Instagram парақшасында айтты.

«Кеше әулетімізде үлкен қуаныш той болды. «Қуанышты бөліссең көбейеді» дейді ғой. Сол қуанышымызбен бөлісейін деп тұрмын. Анам 70 жасқа келді. Әкем екеуінің отау құрғанына 50 жыл толып, алтын тойды Шалқарда атап өттік. Алланың қалауымен әкеміз бен анамызға көлік мінгіздік. Ауыл арасында, той-садақаға мініп жүрсін. Ата-анамыздың ризашылығын тірісінде алғанға не жетсін. Баршаңызға жұғысты болсын», - деп жазды Асхат Тарғын.