Саясат

Франция президенті желіде Қазақстан туралы жазба жариялады

X / Emmanuel Macron

Эмманюэль Макрон Қазақстанға алғашқы сапары жайлы жазды.

1 қараша күні Франция президенті Эмманюэль Макрон елімізге ресми сапармен келген болатын. Ол алғашқы Қазақстанға алғашқы сапары жайлы Х-тегі (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде  бірнеше жазба жариялады.

Бірінші жазбасында Қазақстан мен Францияның ынтымақтастығы туралы ойымен бөлісті.

«Ірі державалар үстемдікке қайта ұмтылған, ал кейбірінен болжауға болмайтын әрекет күткен әлемде жаңа перспективаларды ортақ етуге және бірге құруға болатын серіктестер мен достарға сене алу өте бағалы. Қазақстан мен Франция солардың қатарына кіреді», - деп жазды Эмманюэль Макрон.

Сондай-ақ ол екі елдің жастары жайлы жазды.

«Бүгін Қазақстан мен Франция арасында көптеген келісімге келдік. Бұл біздің маңызды сын-қатерлерге қарсы ынтымақтастығымыз. Бұл мен Астанада кездестірген жастар! Біздің мәдениеттеріміз бен тілдеріміздің арасындағы байланыстырушы осы жастар біздің достығымыздың белгісі», - деді Франция президенті.