Жаңалықтар

Арыс қаласының оқушысы әлемнің 21 университетінен шақырту алды

Otyrar.kz

Шапағат Сейілхан Калифорния немесе Чикаго университетін таңдағысы келеді.

Түркістан облысы Арыс қаласының 11-сынып оқушысы Шапағат Сейілхан әлемнің 21 университетінен оқуға түсуге шақырту алды. Бұл туралы Otyrar сайты хабарлады.

Басылымның жазуынша, мектеп оқушысы өткен жылдан бері ағылшын тілінен халықаралық емтихан тапсыруға дайындалған. Сонымен қатар ол 6-сыныптан бастап ағылшын тілін меңгерген. Осылайша, емтихан тапсыру кезінде жоғары балл жинаған Шапағат Сейілхан әлемнің 21 университетінен оқуға түсу бойынша шақырту алған. 

"Мен екі университеттің бірін таңдағым келеді – Калифорния немесе Чикаго университеті. Өйткені, Чикаго университеті АҚШ-та ғана үздік емес, әлем бойынша озық", – дейді 11-сынып оқушысы. 

Мектеп оқушысының пікірінше, оның шетелдік университетке түсуіне дұрыс жазылған мотивациялық хаты себін тигізген. 

Шапағат Сейілхан халықаралық қатынастар факультетінде оқығысы келеді. Оқуын аяқтаған соң Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр.