Боксшы Махмұд Сабырханның інісі әлем чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)

1 қараша, 2023 / Дана Ізтілеуова
sports.kz
Төрехан – бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі.

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Астанада бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.

63,5 салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Төрехан жартылай финалда иорданиялық Омар Әл Хадидидті айқын басымдықпен жеңді. Финалдық кездесулер 2-4 қараша аралығында өтеді.

Айта кетейік, Төрехан – бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі.

 

 

Тэгтер:

әлем чемпионаты боксшы Махмұд Сабырхан Төрехан Сабырхан