Жаңалықтар

Қазір елімізде 1 млн 16 мың адам ресми түрде кедей болып тіркелген – депутат

Бюджетте кедейшілікпен күрес мәселесі әлсіз қарастырылған. Қазір елімізде 1 млн 16 мың адам ресми түрде кедей болып тіркелген

«AMANAT» фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров кедейшіліктен зардап шегіп отырған тұрғындарға көмек қолын созу мәселесін ортаға салды.

«Бюджетте кедейшілікпен күрес мәселесі әлсіз қарастырылған. Қазір елімізде 1 млн 16 мың адам ресми түрде кедей болып тіркелген. Жоқшылықтың өтіп кеткені соншалықты адамдар нан, макарон, ет алу алу үшін кредит алуға мәжбүр. Бүгін бюджетте жағдайы нашар азаматтар үшін 12, 4 млрд теңге грантқа берілген. Ал енді 9 мың грант қана. Ал 1 млн адамға 9 мың грантпен кімнің жамауын жамаймыз? Төрелердің әсіре баюы, бұқара халықтың жаппай кедейленуі өте қауіпті. Бұл тенденция қазір жалғасып жатыр. Сондықтан кедейшіліктен зардап шегіп отырған адамдарға бюджетте арзандатылған микрокредиттер желісін ұйымдастырып, бизнес дағды қалыптастырып, бұл азаматтарды экономикалық айналымға қосу өте маңызды. Міне, осы мәселе бюджетте қарастырылмаған. Үкімет жанынан кедейшілікке қарсы ұлттық іс-қимыл комиссиясын құрып, бюджеттің халықты жаппай кедейлік проблемасын шешуге бұру қажет. Бұл мәселе Тамара Қасымқызына айтылған. Бірақ шешім әлі жоқ. Комиссия қашан құрылады? Кедей азаматтардың мүддесін қашан қорғаймыз? Әлде істің насырға шапқанын күтеміз бе?», – деді Ерлан Саиров.