Жаңалықтар

Алматыдағы барахолкада әйел ер адамды пышақтап тастады

yk-news.kz

Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.

Алматыдағы барахолкада әйел ер адамды пышақтап тастады, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы барахолкада полиция көлігі тұрған видео пайда болды. Видео авторы әйел бірге тұратын ер адамға пышақ сұғып алғанын айтқан.

Алматы полициясы мәліметінше, Жетісу аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 161-бабы 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, бірге тұратын әйел мен ер адам арасында тұрмыстық жанжал шыққан. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.