Жаңалықтар

«Бағдаршам жоқ»: Павлодарда екі әйелді көлік қағып кетті

atr.kz

Екеуін де ауруханаға жеткізді.

Павлодарда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 40 және 47 жастағы әйел адамды көлік қағып кетіп, салдарынан екеуін де ауруханаға жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 40 жастағы әйелдің жағдайы тұрақты, неврологиялық бұзылыстар анықталмады. Ал екінші зардап шеккен әйелдің аяғына ота жасады. Оған мидың зақымдануы, иықтың, аяқтың сынуы, бас миының жарақаты сияқты диагноздар қойылды. 

«Бірінші көлік бізді өткізді, алайда екіншісі көрмей қалып, басқа әйелмен бірге қағып кетті. Мені аялдамаға дейін ұшырып жіберді. Ол жерде ешқандай бағдаршам жоқ. ТҮКШ бөліміне де бардым, әкімге де жүгіндім осы сұрақпен. Бағдаршамды орнатуға қаражат жоқ деп жауап қайтарған еді», – деді әйел. 

Облыстық полиция департаменті Баян батыр көшесі, 105 мекенжайы бойынша бағдаршамды келесі жылға орнату жоспарда бар деп мәлім етті. Әзірге ол жерде жол ережесін бұзған жүргізішілерді  «Кибер шериф» жобасы арқылы анықтап жатыр.