Саясат

Өзбекстан Палестинаны қолдайды

ашық дереккөз

Газа секторының тұрғындарына 1,5 млн доллар аударылады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Газа секторының тұрғындарына көмектесу үшін 1,5 млн доллар жіберілетінін жариялады, деп хабарлады Turkystan.kz.

«Израиль армиясы мен ХАМАС қозғалысы арасындағы қарулы қақтығыс гуманитарлық дағдарысты шиеленістіріп, бейбіт тұрғындардың, жазықсыз адамдардың құрбан болуына әкеліп соқтырып жатыр. Балалар мен әйелдер өліп жатыр, адамдар баспанасынан айырылып, үйлерін тастап кетуге мәжбүр», – деді Ш.Мирзиёев.

Өзбек басшысы Палестинаға қолдау білдіріп, Газа тұрғындарын қолдауға 1,5 млн доллар бөлу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

«Мен Газа секторының тұрғындарына жан-жақты көмек көрсету үшін БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігіне 1,5 млн доллар бөлу туралы шешім қабылдадым. Біз Палестина халқымен берік ынтымақтастығымызды білдіреміз және олардың Бас Ассамблея мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бұрын қабылданған қарарларына сәйкес тәуелсіз мемлекет құру құқығын қолдаймыз», – деді Ш. Мирзиёев.