Жаңалықтар

«Жүгір немесе өлесің»: ІІМ жасөспірімдер арасындағы ойынға қатысты пікір білдірді

amic.ru

Жалпы, 9 айда елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болды.

Әлеуметтік желілерде «Жүгір немесе өлесің» сияқты жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы бейнежазбалар таратылуда, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгінгі күні біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ. Жалпы, 9 айда елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болды. Онда 200-ден астам бала қаза тауып, 3 мыңға жуық бала жарақат алды. Бұл балалар жолаушы немесе жаяу жүргінші болған», – делінген ІІМ-нің хабарламасында.

Ішкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушы кішкентай балаларды осындай абайсыз әрекеттерден қорғауға және барлығын жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады.