Экономика

Инфляция 10,8%-ға баяулады

ашық дереккөз

Дизель отыны - 35,1%-ға, бензин - 13,6%-ға қымбаттады.

Қазан айында елдегі инфляция көрсеткіші 1%-ға жақсарды. Қыркүйекте бұл көрсеткіш 11,8% болған, хабарлайды Turkystan.kz Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйеніп.

Инфляция динамикасы азық-түлік тауарына бір жылда – 10,4%, азық-түлік емес тауарларға – 11,1% ақылы қызметтерге – 11% өсті.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бағаның өсуі қырыққабатқа 69,1%, жүзімге – 46,7%, күрішке – 40,3%, апельсинге – 28,1%, сәбізге – 22,4%, консервіленген сүтке – 22%, минералды суға – 21,1%, газдалмаған сусындарға – 21%, пастерленген сүтке – 17,2%, майлылығы 2,5% айранға – 16,3%, қаймаққа – 15,6%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 14,6%-ды құрады.

Бағасы төмендеген өнімдердің қатарына қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, және қант қосылды. Қарақұмық жармасының бағасы - 20,1%, күнбағыс майының құны -16,2%, қанттың келісі -16% арзандады.

Жиһаз және үйге қажетті заттар - 15,2%, жуғыш және тазалағыш құралдар -  13,9%, ыдыс - 13,7%, киім және аяқ киім - 12%, құрылыс материалдары - 8,4%-ға қымбаттады. Дизель отынының бағасы - 35,1%, бензин - 13,6%, баллондағы сұйытылған газ – 12,8%-ға өсті.

Санаторий қызметі - 15,7%, кешенді демалыс ұйымдастыру, денсаулық сақтау қызметтері - 14,3%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызмет - 14,2%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер - 13,9%, қоғамдық тамақтандыру қызметі - 11,3%, білім беру қызметі - 10,1% жоғарылады. Ал теміржол және әуе көліктерінің қызметі - 7,9%-ға артты.