Тоқаев Ақордада Эмманюэль Макронды қарсы алды

1 қараша, 2023 / Анель Жарылғасын
Екі елдің басшысы бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

 

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Франция Президенті Эмманюэль Макронды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Тэгтер:

Тоқаев Ақорда Эмманюэль Макрон