Жаңалықтар

Елімізде қай банк ең көп табыс табады?

baigenews.kz

Банктер биылғы қаңтар-қыркүйекте 2022 жылғыға қарағанда 1,6 трлн теңгеге көп табыс тапқан.

Қазақстандағы банктер биылғы қаңтар-қыркүйекте 2022 жылғыға қарағанда 1,6 трлн теңгеге көп табыс тапқан (былтырғы жылдық табысы – 1,47 трлн теңге), деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Пайда көлемі бойынша үздік 10 банк мына банктер:

1. Halyk Bank – 502,2 млрд теңге. 2. Kaspi – 346,6 млрд теңге. 3. Отбасы Банкі – 117 млрд теңге. 4. ЦентрКредит Банкі – 92,2 млрд теңге. 5. Ситибанк Қазақстан – 86,9 млрд теңге. 6. Еуразиялық банк – 86,8 млрд теңге. 7. Jusan Bank – 74,5 млрд теңге. 8. ForteBank – шамамен 69,8 млрд теңге. 9. Bank RBK – 36,3 млрд теңге. 10. Altyn Bank – шамамен 26,9 млрд теңге.