Жаңалықтар

«Кешірім сұраймыз»: Тоқтар Серік екі концертін кейінге ауыстыруға мәжбүр болды

ratel.kz

Өнер иесі қарашада Өскемен мен Павлодардағы концерті өтпейтінін мәлімдеді.

Белгілі әнші Тоқтар Серіков еліміздің екі қаласында концерт өткізуі керек болған. Өнер иесі денсаулығына байланысты Өскемен мен Павлодар қалаларындағы кешін желтоқсан айына ауыстырғанын айтты.

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында хабарлады.

«Ассалаумағалейкум, ағайын! Құрметті, Павлодар мен Өскемен өңірінің жұртшылығы, 31 қазан және 1 қараша күндері өтетін концертімді аяқ асты денсаулығымның жарамай қалуына байланысты басқа уақытқа ауыстыруға мәжбүр болып отырмыз. Сіздерден кешірім сұраймыз» деп жазды парақшасында.