Қоғам

Қазақстандық бітімгерлер Мали Республикасынан елге келді

Африка Республикасында олар штаб офицерлері ретінде қызмет атқарды.

Қазақстан Қарулы күштерінің екі әскери қызметшісі БҰҰ-ның Малидегі тұрақтандыру жөніндегі көпсалалы кешенді миссиясының құрамында (МИНУСМА) бір жыл қызмет еткеннен кейін Отанына оралды, деп хабарлады  turkystan.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Африка Республикасында олар штаб офицерлері ретінде қызмет атқарды.

Қазақстанға келгеннен кейін подполковник Е.Төлесов Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында оқытушылық қызметін жалғастырады. Ол БҰҰ-ның басқа миссиялары үшін бітімгерлерді дайындаумен айналысып, өз тәжірибесін бөлісетін болады. Себебі Ермек Төлеуов Малиден басқа, бірнеше жыл бұрын Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясында қызмет еткен.