Египет Палестина босқындарын қабылдаудан бас тартты

31 қазан, 2023 / Ербұлан Қайрат
сурет: РИА Новости
Египет премьер-министрі Мұстафа Мадбули Газа Палестина босқындарын қабылдаудан бас тартатынын мәлімдеді.

Египет премьер-министрі Мұстафа Мадбули Газа Палестина босқындарын қабылдаудан бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz Интерфакс-ке сілтеме жасап.

21 қазанда Каир саммитінде әл-Сиси Египеттің Газа секторынан Синай түбегіне палестиналықтарды қоныстандыруға жол бермеу туралы ұстанымын ашық айтты.

"Президент Абдель Фаттах ас-Сиси айтқандай, Мысыр бізге ештеңенің таңылуына немесе аймақтық мәселелердің біздің есебімізден шешілуіне жол бермейді", - деді Мысыр премьер-министрі.

Тэгтер:

Палестина Газа секторы Египет босқындар