Жаңалықтар

Алматыда қарияларға көлік сыйға берілді

almaty.tv

Елімізде қарттар айлығы аяқталды

Елімізде қарттар айлығы аяқталды. Алматыдағы Түрксіб ауданының «Ардагерлер» кеңесіне жаңа көлік сыйға берілді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Алматы» арнасының мәліметінше, көлікті кеңеске мүше зейнеткерлер пайдалана алады. Бір ай бойы ауданда қарияларды қолдау іс-шаралары ұйымдастырылған болатын. Азық-түлік себеттері таратылып, түрлі мәдени-бұқаралық, тақырыптық акция өтті.

«Бүгін қарттар айлығы аяқталды. Мұның аясында еліміздің әр өңірінде қайырымдылық акциясы өтті. Түрксіб аудандық әкімдігінің қолдауымен ардагерлер ұйымына көлік тарту етілді. Енді қызмет көрсету сапасы жақсара түседі деп ойлаймын. Қазір біздің ауданда 30 мың зейнеткер бар. Олардың қатарында тыл ардагерлері, құрметті азаматтар бар», – деді Түрксіб аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалия Байгутдинова.

«Аудандық «Ардагерлер» ұйымына көлікті сыйға тарттық. Қайырымдылық акцияларын жиі өткізуге тырысамыз. Қарттар – қазынамыз, компания атынан оларға денсаулық, амандық тілейміз», – деді дилерлік орталықтың басшысы Эльдар Мерзлов.