Спорт

«Ақтөбе» футбол клубын Ресей ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Леонид Слуцкий басқаруы мүмкін

www.championat.com

Леонид Слуцкий 2015-2016 жылдары футболдан Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарып, Еуро-2016 чемпионатына қатысқан.

52 жастағы ресейлік маман Леонид Слуцкий «Ақтөбе» командасының бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі деп хабарлайды turkystan.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл қызметті футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Әдиев қатар алып жүруі мүмкін делінген еді. Бүгін негізгі үміткерлердің қатарына Леонид Слуцкий қосылды.

«Ақтөбенің» қазіргі бас бапкері Андрей Карповичпен маусым аяқталған соң арадағы келісімшарт ұзартылмайтыны белгілі болды.

Қазақстан Премьер-лигасының бес дүркін чемпионы «Ақтөбе» командасы Қазақстан Премьер-лигасының 2023/2024 жылғы маусымында 3-орынға тұрақтаған еді.

Еске сала кетейік, Леонид Слуцкий «Уралан», «Крылья Советов», «ЦСКА», «Рубин», «Халл Сити» және «Витесс» клубтарында бас бапкер қызметін атқарған. Сондай-ақ ол 2015-2016 жылдары футболдан Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарып, Еуро-2016 чемпионатына қатысқан.