Жаңалықтар

Атын өзгертіп, өзіміздің инвесторға береміз – министр "АрселорМиттал Теміртау" туралы мәлімдеме жасады

сурет: BaigeNews.kz

Үкімет компания активтерін шетел инвесторларына берілмейтінін айтты

Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ активі шетелдік инвесторларға берілмейді, бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz

"Үкімет меншік құқығы Қазақстан Республикасының пайдасына өткеннен кейін ешқандай шетелдік инвесторларды қарастырмайды. Кәсіподақтармен ұжымдық шарттарға, еңбекақыға, қызметкерлер санына негізделген кәсіпорында бар барлық жағдайлар өзгеріссіз қалады", – деді Қанат Шарлапаев. 

Сондай-ақ, Қанат Шарлапаев АМТ акционерлерінің құрамынан шыққаннан кейін кәсіпорынның аты өзгертетінін айтты. Жаңа атауды таңдағанда қызметкерлердің пікірі ескерілмек.

Естеріңізге сала кетейік, "АрселорМиттал" халықаралық корпорациясы Теміртаудағы кеніштерге 1995 жылдан бері иелік етіп келеді.