Жаңалықтар

Қазақстандағы мектептер мен ЖОО-ларда жаңа курс енгізіледі

Қаржы министрлігінің айтуынша, оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды.

Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев оқушылар мен студенттер үшін қаржылық сауаттылық курстары енгізілетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды.

Бұған қоса ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер "Ауыл Аманаты" бағдарламасы аясында несие алу үшін тұрақты негізде кеңес береді.

Сондай-ақ еліміздің барлық өңірінде халықпен тікелей жұмыс істейтін өңірлік жобалық кеңселер құрылып жатыр.

Жобалық офистердің негізгі міндеті – кредит бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, қаржылық алаяқтықтан қорғау, азаматтардың банкроттық мәселесін шешуге, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және бизнесті қолдау шараларын ұйымдастыру.

Вице-премьер әкімдіктер жобалық офистердің жұмысы үшін қажетті ғимараттар мен материалдық-техникалық базаларды бөлетінін атап өтті. Оған банктер қаржылық жағынан ықпалдасады.