Жаңалықтар

Қазақстанның шекарасын заңсыз өтпекші болған пәкістандықтар ұсталды

qamshy.kz

Олар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392-бабында көзделген қылмысты жасаған.

Пәкістанның 4 азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде ұсталды.

Алматы көші-қон қызметінің қызметкерлері 30 қазанда өңірдегі ҰҚКД әріптестерімен бірлесіп, Әуезов ауданында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз өтіп кеткен Пәкістан Ислам Республикасының төрт азаматын ұстады.

Олар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392-бабында көзделген қылмысты жасаған. Қалаға келген шетелдіктердің хостелге орналасқаны анықталды.«Қонақтардың» алдағы жоспары мен қылмыстың себебі тергеу барысында белгілі болады.