Экономика

Қазақстанның 44 блогері 42,5 млн теңге салық төледі

banki.ru

23 блогерге түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, «онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға сәйкес, Қазақстанның 44 блогері 42,5 млн теңге салық төледі, деп хабарлады Turkystan.kz.

Қазір Салық органдарының өкілдері әлеуметтік төлем төлеуге атүсті қараған 23 блогерге түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

Оларға міндеттемелерін орындамаған жағдайда айыппұл салынатыны, табысының немесе мүлкінің бір бөлігі тәркіленуі мүмкін екені айтылды.