Қоғам

Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Sputnik

Қаланың кіреберістеріне 7 бақылау-өткізу пункті орнатылады.

Бүгіннен бастап Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлады Turkystan.kz Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елордада шет мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ірі қоғамдық-саяси іс-шараларға байланысты құқық қорғау мен қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаментінің жеке құрамы өз міндетін күшейтілген режимде атқарады», – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, 31 қазаннан бастап, қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалалары, сондай-ақ Қорғалжын, Астраханка ауылдары бағыттарында және халықаралық әуежайға кіреберісте 7 бақылау-өткізу пункті орнатылады.

Бақылау пункттерінде азматтардың құжаттары, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексеріледі.