Алматыдан 575 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Зілзаланың энергетикалық класы 10.7. Магнитудасы 4.5. MPV.
"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 31 қазан күні Алматыуақытымен сағат 00:12-де жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 575 км қашықтықта Қытай аумағында болған.
Зілзаланың энергетикалық класы 10.7
Магнитудасы 4.5. MPV.
Эпицентрінің бағыты 41.14° с.е. 83.28° ш.б. жатыр.
Тереңдігі 10 км.
Сезілуі туралы ақпарат жоқ.