Саясат

«ҚазАвтоЖол» басшысы Мейірхат Қасымбаев қызметінен кетті

Фото: instagram.com/kassymbayevmeirkhat

Мейірхат Қасымбаев 2022 жылдың ақпанынан бастап «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы Мейірхат Қасымбаев өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

«Бүгін жеке шешіміме сәйкес «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін аяқтадым. Екі жылға жуық уақыт ішінде әріптестеріммен бірлесе құрылысы ұзаққа созылған жолдарды қолға алып, жобаларды аяқтау үшін аянбай еңбек еттік. Үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда республикалық автожолдар желісінде жұмысы тоқтап тұрған бірде-бір жол жобасы жоқ деп сеніммен айта аламын. Соңғы екі жыл ішінде 7 млн тонна асфальт төселді. Бұл дегеніміз шамамен 2,5 мың шақырым жол жаңа асфальтпен қамтылды деген сөз. Ел аузында жүрген Атырау-Астрахан, Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы, Өнеге-Бисен-Сайхын күре жолдарында жұмыстар қайта басталды. Бұл жолдардың құрылысы аяқталуға жақын. Ақтөбе-Қандыағаш, Үшарал-Достық, Талдықорған-Қалбатау-Өскемен, Қарағанды-Балқаш, Күрті-Бұрылбайтал, Меркі - Бұрылбайтал және т. б. бағыттарда асфальт төселіп, жол қозғалысы ашылды», - деп жазды Мейірхат Қасымбаев.

Мейірхат Қасымбаев 2022 жылдың ақпанынан бастап «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарды.