Жаңалықтар

Қазақ саны 3 миллионға өсті

сурет: ult.kz

12 жыл ішінде қазақ саны Қазақстанда  3 401 128-ға өскен.

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысын жариялай бастады, деп хабарлады turkystan.kz stat.gov.kz-ке сілтеме жасап.  

2009 жылы жүргізілген халық санағында елімізде қазақ саны 10 096 763 адам болса,  2021 жылы жүргізілген санақта 13 497 891 адамға көбейіпті.  Яғни 12 жыл ішінде қазақ саны Қазақстанда  3 401 128-ға өскен.  

Орыс ұлтының өкілдері 2009 жылғы санақта 3 793 764 адам  болса, 2021 жылы саны кемігені байқалып,  2 981 946 адам санаққа алынған.  Өзге ұлт өкілдерінің ішінде орыстардан кейін бауырлас түрік ұлтының өкілдерінде де кему бар. 2009 жылға дейін 97 015 адам болса, 2021 жылы  85 478 адамға дейін азайған. Немістер 12 жылдың ішінде 47 683 адамға, өзбектер 157 050 адамға, украиндар 54 296, ұйғырлар 65 624 адамға көбейген. Елімізде тұратын басқа ұлт өкілдерінің де саны едәуір артқаны, өсу қарқыны жоғары екені байқалады.