9 жастағы қыз сіңлісін шомылдырғысы келген: Екібастұзда 3 жасар қыз қайнаған суға күйіп қайтыс болды
Абайсызда қайнап тұрған суы бар легенді қолынан түсіріп, балаға су шашылған.
Екібастұзда үш жасар қыз қайнаған суға күйіп қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 қазан күні түнгі 02:25-те 3 жасар қыздың қайнаған суға күйіп қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Дәрігерлер оқиға орнына алты минутта жетті.
"Термиялық күйік шалған үш жасар қыз бала қайтыс болған. Денесінің 40%-ын күйік шалғаны анықталды", – деді басқармада.
Анасының айтуынша, 29 қазан күні сағат 14:00-де 9 жасар қызы үш жастағы сіңлісін шомылдырғысы келген. Абайсызда қайнап тұрған суы бар легенді қолынан түсіріп, балаға су шашылған. Күндіз балалар әжесі мен атасының қарауында болған. Ешкім медициналық көмекке жүгінбеген. Анасы бұл жағдай туралы кешкі уақытта біліп, бірден жедел жәрдем шақырған.