Жаңалықтар

Қазақстанда бірнеше Telegram-бот бұғатталды

Мұндай Telegram-боттарды пайдалану олардың иелеріне ID, аты, тегі, лақап аты, «өзі туралы» бөлім және қосымшада орнатылған тіл сияқты жеке деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстандықтардың дербес деректері бар 8 Telegram-боттың қызметі бұғатталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, 28 қазанда азаматтардың құпиялылығына және олардың дербес деректерінің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірген Telegram-боттың қызметі тоқтатылды.

Мұндай Telegram-боттарды пайдалану олардың иелеріне ID, аты, тегі, лақап аты, «өзі туралы» бөлім және қосымшада орнатылған тіл сияқты жеке деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл аккаунтты бақылауды жоғалтуға немесе жазбаға қол жеткізу және пайдаланушы атынан хабарлама жіберу мүмкіндігі сияқты параллельді пайдалануға алып келуі мүмкін.