Жаңалықтар

«Алданып қалдым»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі онымен қалай танысқанын айтты

Instagram/aigan_zholdasova

Айған Жолдасова күйеуімен алғаш танысқан сәтін еске алды.

Композитор, әнші Ұлықпан Жолдасовтың әйелі Айған Жолдасова Еуразия арнасынан шығатын «DaStarХан» бағдарламасында онымен қалай танысқанын еске алды.

«Танысқан кезде де бойы ұзын болды. Арық, ұзын. Негізі мен уақыт өте келе иықты жігіт болар деп ойладым. Бірақ алданып қалдым. Сол қалпы», – дейді А.Жолдасова.