Жаңалықтар

Түркістанда 6 млн теңге көлеміндегі айыппұл төлемеген жүргізуші анықталды

polisia.kz

Жедел басқару орталығына сот орындаушысының 6 миллион теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар облыс орталығы тұрғынының автокөлігін табу туралы өтініші келген.

Түркістан облысында полиция 6 млн теңге айыппұлды төлемей жүрген жүргізушіні анықтады, деп хабарлады Polisia.kz. 

Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығынан қызмет атқарып жүрген патрульдік полицейлерге төленбеген берешегі бар Toyota Camry автокөлігін ұстау туралы дабыл түсті. Нақтырақ айтсақ, Жедел басқару орталығына сот орындаушысының 6 миллион теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар облыс орталығы тұрғынының автокөлігін табу туралы өтініші келген. Кезекші полицей бейнебақылау камераларының көмегімен аталмыш автокөлікті анықтап, патрульдік полиция экипаждарын борышкер-жүргізушіні іздеуге бағыттады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері Алматы – Ташкент – Термез тас жолында іздеуде жүрген автокөлікті тоқтатып, борышкердің көлігін айыптұраққа қойды. Полицейлер жүргізушілерге бұрын салынған әкімшілік айыппұлдарын уақтылы төлеуге кеңес береді.