Жаңалықтар

Бала санынан – Түркістан облысы, 90-нан асқан қария санынан ШҚО көш бастап тұр

сурет: egemen.kz

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысын жариялай бастады.

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысын жариялай бастады, деп хабарлады turkystan.kz stat.gov.kz-ке сілтеме жасап.  

Санақ қорытындысына сүйенсек, 2009 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың орташа жасы 31-ден 32 жасқа дейін өскен. 

Қазақстандықтардың орташа жасы салыстырмалы түрде жас болып келеді, – деп жазылған қорытындыда.

Санақ аралығындағы кезеңде 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар саны айтарлықтай өскен. Егер олардың үлесі 2009 жылы сол кездегі халықтың жалпы санының 24,1%-ы (3,9 млн адам) болса, соңғы санақ қорытындысы бойынша олардың үлесі 29,4%-ға (5,6 млн адам) жеткен.

65 жастан асқан егде жастағы халықтың үлесі де өсті. 2009-бен салыстырғанда 2021 жылы  олардың үлесі 7,1%-дан 8,2% дейін өсті (1,6 млн адам).

Сонымен қатар, санақ қорытындысы бойынша Қазақстанда 101 жастан асқан 200-ден астам қарт адам бар.

Айта кетейік, өңірлер арасында балалар саны бойынша Түркістан облысы, 90 жастан асқан қариялар саны бойынша ШҚО көш бастап тұр.