Қоғам

Костенко шахтасында қаза болғандар саны 45-ке жетті

ҚР ТЖМ

1 кеншіні іздеу әлі жалғасып жатыр

Қарағанды облысының Костенко шахтасында қаза тапғандар саны 45-ке жетті, деп хабарлады turkystan.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 адамның денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда.

Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде.

Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда.

Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.