Экономика

«АрселорМиттал Теміртау» басқарушысы бір жылда 375,9 млн теңге жалақы алған

Компанияның 2021 жылы таза пайдасы 215 млрд теңгені құрады

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өзінің басқарушысы Балават Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 млн теңге, яғни айына 31,3 млн теңгеден немесе күніне 1,01 млн теңгеден төлеп келген, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Мәлімет бойынша, 2022 жылғы деректер жоқ, компания оларды қаржылық есептілік депозитарийінің порталына жүктемеген, бірақ 31 тамызға дейін болуы керек еді.