Жаңалықтар

Ертең бірнеше өңірде қар жауып, көктайғақ болады

elements.envato.com

30 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" 30 қазанда бірнеше өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болатынын болжады, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с. 

Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысында көктайғақ, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз орталығында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде онтүстік-шығыстан жел онтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.