Жаңалықтар

Тайсон камерундық Нганнуді жеңді

www.championat.com

Жанкүйерлердің пікірінше, бұл Фьюридің мансабындағы ең нашар жекпе-жектердің бірі болды.

Эр-Риядта өткен бокс кешінде спорттық мансабында бірде бір рет жеңіліп көрмеген британдық, қазіргі WBC әлем чемпионы Тайсон Фьюри UFC белбеуінің бұрынғы иегері Фрэнсис Нганнумен кездесті.

Көпшілік асыға күткен жекпе-жек 10 раундқа созылды. Нганнудың соққылары қарсыласы үшін қауіпті-ақ болған.  Тіпті, ол үшінші раундта Фьюриді сол жақтан жасалған қарсы шабуылмен нокдаунға жіберді. Спорт сарапшыларының бағалауынша, Фьюридің шабуылдарында өткірлік байқалмаған. Десек те, жекпе-жектің соңында төрешілер бөлек шешіммен жеңісті Тайсон Фьюриге берді (96:93, 95:94, 94:95).

Нәтиже жарияланғаннан кейін залдағылар шешімге наразылықтарын білдірді.

35 жастағы Фьюри бұрын-соңды жеңілмеген боксшы. Британдықтардың есебінде кәсіби рингте 35 жекпе-жегі болды. Онда ол 34 жеңіске жетті және бір жекпе-жек тең аяқталды. Нганну үшін бұл жекпе-жек бокстағы дебют болып табылады. Бұрын камерундық Нганну аралас жекпе-жекте өнер көрсеткен.

Жанкүйерлердің пікірінше, бұл Фьюридің мансабындағы ең нашар жекпе-жектердің бірі болды.