Қоғам

Енді сарбаздар борышын өз үйлеріне жақын аудандарда өтей алады

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әскерилер әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналарының пікірлерін ескерді

Енді әскерге шақырылушылар қай жерде қызмет ету керектігін таңдау құқығына ие болады, бірақ тек көрші аудандарда әскери борышын өтей алады. Мысалы, Павлодар облысының әскерге шақырылушылары Өскеменде немесе Семейде қызмет ете алады, деп хабарлады turkystan.kz ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Яғни әскерлерді жеке құраммен толықтыру әскери бөлімдер мен құрамалар орналасқан (қалыптасқан) аудандардан тыс тұратын әскерге шақыру контингенттері есебінен жүзеге асырылады. Бірақ биыл қараша мен желтоқсан айлары аралығында және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы жасақталған кезде ғана эксаумақтылық қағидаты өз саласының құзыретінде болады.

Осылайша әскерилер әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналарының пікірлерін ескерді.