Минниханов Тоқаевқа Қарағандыдағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтты

29 қазан, 2023 / Абылай Бейбарыс
ашық дереккөз
Татарстан Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Татарстан Президенті Рустам Минниханов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағандыдағы шахтада кеншілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Тоқаевқа жолдаған жеделхатында Минниханов қайғыға ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко атындағы шахта шахтадағы жарылыс көңіл айту жеделхаты көңіл айту