Жаңалықтар

Кеншілерді іздеу барысында түрлі қиындық туып жатыр

newsroom.kz

Шахтада жарық жоқ.

Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов Костенко атындағы шахтадан шыға алмай қалған кеншілерді іздестіру барысында қандай қиындықтармен бетпе-бет келіп жатқандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

«Кеншілерді іздестіру жұмысына электр энергиясының жоқтығы кедергі келтіріп жатыр. Жарылыстың салдарынан бұзылған механизмдер мен құрылыстар да тосқауыл болып тұр», – деді департамент басшысы.

Мұрат Қатпановтың айтуынша, жақсылықтан үміт үзуге болмайды.

«Біз жақсылықтан үміттіміз. Сенеміз, іздейміз», – деді ол.