Жаңалықтар

Шахтадағы апат: 36-шы кеншінің мәйіті табылды, 10 кенші іздестіріліп жатыр

tactise.com

Қазір 36 адамның денесі табылды, 10 кеншіні іздеу жалғасуда.

Сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша, Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан 36 кеншінің мерт болғаны анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазір 36 адамның денесі табылды, 10 кеншіні іздеу жалғасуда. Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасуда" делінген хабарламада.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары жұмыс істейді.