Саясат

ШЫҰ хатшылығында ұйымға мүше мемлекеттердің тулары төмен түсірілді

Ашық дереккөз

Бүгін Бейжіңде Қазақстанда қаза тапқан кеншілерді еске алу мақсатында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туларын түсіру рәсімі өтті

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апаттан кеншілердің қаза болуына байланысты жалпыұлттық аза тұту жарияланғаннан кейін, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) штаб-пәтерінде ұйымға мүше мемлекеттердің тулары жартылай төмен түсірілді, деп хабарлады turkystan.kz.

29 қазан күні таңертең Бейжіңде Қазақстанда қаза тапқан кеншілерді еске алу мақсатында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туларын түсіру рәсімі өтті.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы – Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы құрған тұрақты жұмыс істейтін халықаралық үкіметаралық ұйым.