Қоғам

Еліміздің барлық аумағында мемлекеттік Ту төмен түсірілді

Бұл – тәуелсіз ел тарихындағы он үшінші, ал осы жылдағы екінші қаралы күн

Бүгін – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні. Осыған байланысты еліміздің барлық аумағында мемлекеттік Ту төмен түсірілді, деп хабарлады turkystan.kz.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты Костенко шахтасындағы қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы осындай шешім қабылдап, тиісті өкім шығарды.