Қоғам

Атырауда емхана директоры қамауға алынды

Ашық дереккөз

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалы басталды

Атырау қаласындағы №4 емхананың директоры бюджеттің ірі мөлшердегі қаржысын ұрлады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Атырау қалалық №4 емхананың директоры бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікпен ұсталды. Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - деп мәлім етті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбады.

«ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі занды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», - деді баспасөз қызметінен.