Қоғам

Шымкентте 13 қазанда үйінен шығып кеткен жігіт табылмай жатыр

polisia.kz

15 қазан күні Абай АПБ-на жас жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен

Шымкентте 19 жастағы жігіт жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

15 қазан күні Абай АПБ-на жас жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. 

Әжесінің айтуынша, 2004 жылы туған Нұрбол Ермұхамбет 13 қазанда түнгі сағат 00:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. 

Ер жігіттің жүрген жерін анықтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 

«Белгілері: бойы шамамен 175-180 см, орта денелі, шашы, көзі қара түсті, үстінде қою көк түсті спортивка, қара красовка және қара түсті күртеше болған. Жоғалған жігіттің қайда екені туралы ақпараттан хабардар болсаңыз, бірден «102» нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз», - делінген Шымкент қаласы полиция департаменті таратқан ақпаратта.