Жаңалықтар

Синоптиктер 10 өңірде ескерту жариялады

Ашық дереккөз

29 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» 29 қазанда күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Атап айтқанда, Астана қаласында кей уақыттарда көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-18 м/с жетеді.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 18 м/с құрайды.

Манғыстау облысының батысында, оңтүстігі мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз өңірдің басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, екпіні 23 м/с күшеюі ықтимал.

Павлодар облысында көктайғақ күтіледі.

Күндіз Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ, солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Жетісу облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда қар аралас жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында кей уақытта екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.