Мемлекет басшы әлем көшбасшылары мен қоғам қайраткерлеріне ризашылығын жеткізді
Президент азаматтарға алғыс айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Костенка» атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтқан шет мемлекеттердің басшылары мен қазақстандықтарға алғыс білдірді, деп хабарлайды Turkystan.kz.
«Қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, осынау қиын сәтте жылы лебіздерін жолдап, қолдау көрсеткен мемлекет басшыларына, қоғам қайраткерлеріне, азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деп жазды Мемлекет басшысы твиттерде.