Қоғам

13 кенші неге табылмай жатыр? – Апаттық құтқару қызметі өкілінің жауабы

Sputnik / Павел Лисицын

Шахтаның шығыс бөлігінен 14-15 адамның денесі табылған.

Апаттық құтқару қызметі директорының орынбасары Жұмат Өкенов жарылыс орын алған кеніштегі зардап шеккен азаматтарды іздеу жұмыстарының барысын бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, шахтаның шығыс бөлігінен 14-15 адамның денесі табылған.

“6 адамды шығардық, 11 адамды бір сағаттың көлемінде шығарамыз. Шығыс жағынан тағы адамдарды тасымалдап жатырмыз. Бұлар табылған 33 кеншінің қатарына кіреді. 13 адам мүлде табылмай жатыр. Кейбір мәйіттерді, тіпті тану мүмкін болмай жатыр. Бөлшектеніп кеткен, аяғы бір жақта, басы бір жақта. Сол себептен аты-жөндерін хабарлау әзірге қиын болып тұр.

Қазіргі кезде өрт толықтай сөндірілді. Бастапқы кезде бұл да бізге кедергі келтірген болатын”, – деді маман.

Жұмат Өкеновтың сөзінше, бұған дейін табылған 33 адамның денесі көзге көрінетін беткі жақта жатқандықтан табылған. Қалған 13 кеншіні табу қиынға түсіп тұр, олар үйінді астында қалуы да мүмкін.